jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстаулық оқушының өлімінен соң министрлік мәлімдеме жасады

    Аурухана дәлізі
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pixabay.com

    Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысында 2012 жылы туған кәмелетке толмаған пациенттің қайтыс болуына байланысты жан-жақты тексеру жүргізу үшін комиссия құрамы жасақталып жатыр, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің ақпаратына сай, комиссияның құрамына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары — бас мемлекеттік медициналық инспектор, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар енгізіледі.

    "Бұған дейін, 2026 жылғы 19 ақпанда пациент әрі қарай ем алу үшін санитариялық авиация арқылы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы"АҚ-ға (Алматы қаласы) жеткізілген болатын. Көрсетілген медициналық іс-шараларға қарамастан 2026 жылғы 13 сәуірде өлім дерегі тіркелді", - делінген хабарламада.

    Маңғыстаулық оқушының өлімінен соң министрлік мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.