jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда науқастарға тегін берілетін препараттар дәріханаларда заңсыз сатылған

    Дәрі және ақша
    Дәрі және ақша. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың айналымын таңбалау жүйесін пайдалана отырып талдау жүргізді.

    "Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы" аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес, бүкіл ел бойынша дәріханаларда мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі аясында қамтамасыз етуге арналған 4114 препараттың сатылғаны анықталды.

    74 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 31 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 12,3 млн теңге болды, 43 ұйымға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

    Науқастарға ТМККК аясында берілген дәрілердің заңсыз сатылу фактілері анықталды. Бірқатар жағдайларда медициналық ұйымдар арқылы берілген препараттар дәріхана желілеріне түскені белгілі болды.

    Анықталған позициялар арасында инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, кейбір антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар бар.

    "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС ақпараты бойынша, таңбалау кодтарын пайдалануда жүйелі заң бұзушылықтар тіркелген: 35 537 қайта шығару жағдайы, әртүрлі қатысушылардың бір кодты 480 752 рет пайдалануы анықталған, сондай-ақ 1140 нысан 15 614 кодты қайтадан айналымнан шығарғаны белгілі болды.

    Анықталған фактілер бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілді. Қосымша тексерулер жүргізілуде, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

    Қазақстанда науқастарға тегін берілетін препараттар дәріханаларда заңсыз сатылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.