jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Миллион долларды алаяқтық жолмен иемденді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

    күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: Бас прокуратураның Telegam-дағы арнасы

    Аса ірі мөлшерде алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілініп, 10 жылдан астам іздеуде жүрген шетелдік азамат Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстанның Германия Федеративтік республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аталған елден шетелдік азамат экстрадициялады.

    "Тергеу барысында күдікті 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 млн АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау арқылы иемденгені анықталды.

    Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

    2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта сотталушы тергеу изоляторына қамалды.

    Айта кетейік, аталған қылмысты жасағаны дәлелденсе, күдіктінің мүлкі тәркіленіп, оған 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

    Миллион долларды алаяқтық жолмен иемденді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.