"Шашынан сүйреп, төсекке лақтырған": Павлодарда балабақша тәрбиешісі 4,5 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Павлодарда бүлдіршіндерге күш көрсетіп, соққыға жықты деген айып тағылған балабақша тәрбиешісіне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сот 33 жастағы әйелді кінәлі деп танып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Алайда үш кішкентай баласының болуына байланысты жаза өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, жағдай былтыр жазда болған. Балабақша қызметкері балалардың шашынан сүйреп, төмпештеген. Салдарынан үшеуі дене жарақатын алған.
"Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі және 110-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды. Оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұлдыз Қамалова.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2367156-shashynan-suirep-tosekke-laqtyrgan-pavlodarda-balabaqsha-tarbieshisi-4-5-zhylga-sottaldy/