jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Үнемі қорқынышта өмір сүрген": Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісіне қоқан-лоқы көрсеткені үшін жазаланды

    Сталкер. Көрнекі сурет
    Сталкер. Көрнекі сурет: Glasshouse Images/Getty Images

    Астанада ер адам бірнеше ай бойы бұрынғы қызын қудалап, қорқытқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық прокуратура таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам бірнеше ай бойы бұрынғы қызын қудалаған. Ол оға жүйелі түрде қоңырау шалып, агрессивті хабарламалар жіберген және қарым-қатынас тоқтатылғаннан кейін жеке кездесуге келген.

    "Сотталушы 2025 жылғы қыркүйек айынан 2026 жылғы ақпан айына дейін жәбірленушіге 150-ден астам қоңырау шалып, балағат сөздері бар хабарламалар жіберген. Кейін ол жәбірленушінің жұмыс орны - сұлулық салонына келіп, жанжал шығарып, мүлікке зиян келтіріп, жәбірленуші мен оның отбасы мүшелерін қорқытқан айтқан. Салдарынан елорда тұрғыны үнемі қорқынышта өмір сүруге мәжбүр болған", - делінген хабарламада.

    Прокуратура дерегінше, сот үкімімен оған 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, жәбірленушіні іздеуге, қудалауға және онымен байланыс орнатуға тыйым салатын ерекше талаптар белгіленді.

    Сондай-ақ сотталушыдан 392 мың теңге көлемінде материалдық шығын және 150 мың теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілген.

    "Үнемі қорқынышта өмір сүрген": Астанада ер адам бұрынғы сүйіктісіне қоқан-лоқы көрсеткені үшін жазаланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.