jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада фельдшерге қол көтерген ер адам бас бостандығынан айырылды

    жедел жәрдем көлігі
    Жедел жәрдем көлігі. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты медицина қызметкеріне қол көтергені үшін ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Астана соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Сотта айып тағылған ер адам алкогольдік масаң күйде сауда үйінің автотұрақ аумағында келген жедел медициналық жәрдем бригадасының тиісінше медициналық көмек көрсетпегеніне наразылығын білдіре отырып, медицина қызметкеріне қол көтерген

    Салдарынан фельдшердің денсаулығына зиян келмегенімен, медицина қызметкерінің медициналық қызметін заң аясындағы кепілдікпен қауіпсіз атқаруына кедергі келтірген.

    С️отта сотталушы кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады.

    "️Сот сотталушының бұрын сотталмағанын және жасаған ісіне шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

    Қылмыстың алкогольдік масаң күйде жасалуы ауырлататын мән-жай деп танылды.

    "Жасалған қылмыстың қоғамға қауіп төндіретін сипаты мен дәрежесін, сотталушының жеке басын, жәбірленушінің пікірін және істің мән-жайларын ескере отырып, сот И.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу шартымен 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Астанада фельдшерге қол көтерген ер адам бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.