Астанада жасөспірім қыздардың төбелесі видеоға түсіп қалды
Жарияланған күні:
Желіде жасөспірім қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарады — ролик Астанадағы оқу орындарының бірінде түсірілген. Ата-аналар мектептегі жағдай ушығып тұрғанын мәлімдеді. Оқиғаға қатысты білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қыздар төбелесінің видеосы Instagram-дағы Zhaloby_Astana паблигінде жарияланды. Бейнежазбадан бірнеше қыз төбелесіп жатқанын көруге болады.
Сонымен қатар ата-аналардың мәлімдемесі де жарияланған. Олардың айтуынша, мектеп әкімшілігі толық әрі әділ тексерудің орнына, жоғары сынып оқушыларының телефонынан видеоларды өшіруге тырысқан.
Бұдан бөлек ата-аналар мектеп әкімшілік тарапынан қысым болғанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, проблемалар мектеп директоры ауысқаннан кейін басталған.
"Біз, ата-аналар, бұл жағдайдан шаршадық және мектеп директоры қауіпсіз әрі ашық білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша өзіне артылған міндеттерді атқара алмай жатыр деп есептейміз. Оны жұмыстан босатуды сұраймыз", - делінген жазбада.
В ведомстве сообщили, что участники драки были поставлены на внутришкольный учет, с ними проведена индивидуальная профилактическая и психологическая работа.
Администрации школы объявлен выговор в качестве дисциплинарного взыскания.
"Родители участников инцидента привлечены к ответственности за ненадлежащее исполнение обязанностей по воспитанию несовершеннолетних. По данному факту Департаментом полиции города возбуждено уголовное дело", - заявили в управлении.
Бұл оқиғаға қатысты елордалық білім басқармасы пікір білдірді.
Ведомствоның хабарлауынша, төбелеске қатысушылар мектепішілік бақылауға алынып, олармен жеке профилактикалық және психологиялық жұмыс жүргізілген. Ал мектеп әкімшілігіне тәртіптік жаза ретінде сөгіс жарияланған.
"Оқиғаға қатысушылардың ата-анасы кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Аталған дерек бойынша қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады", - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2368440-astanada-zhasospirim-qyzdardyng-tobelesi-videoga-tusip-qaldy/