jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қоршап алып, өзін қорғауға мүмкіндік бермеген": Талғар ауданында 20 жастағы жігіт қаза тапты

    Пышақ ұстаған жігіт
    Пышақ. Иллюстрациялық фото: Paul Bradbury/Getty Images

    Threads қолданушысы Талғар ауданында 20 жастағы бауыры кісі қолынан ажал құшқанын айтып, жанайқайын жеткізді. Алматы облыстық ПД бұл факті бойынша екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желідегі жазбада айтылғандай, 2026 жылғы 12 сәуірде Талғар ауданында 20 жастағы жігіт мерт болған.

    "Оған 10-нан астам адам шабуыл жасаған. Бұл кездейсоқ қақтығыс емес, бұл – топ болып жасалған шабуыл. Оны қоршап алып, өзін қорғауға мүмкіндік бермеген. Ол алған пышақ жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

    Бізде болған оқиғаның видео дәлелі бар. 30-дан астам куәгер бар. Бірақ соған қарамастан, тек бір адам қамауда", - деп жазды марқұмның туысы.

    Бұл ақпаратқа қатысты NUR.KZ тілшісіне жауап берген Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері 12 сәуірде Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде болған оқиғаға байланысты кісі өлтіру және бұзақылық фактісі бойынша екі қылмыстық іс қозғаған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында және уақтылы жіберілген бағыттамалардың арқасында 20 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынған.

    "Сонымен қатар бұзақылық фактісі бойынша тағы үш күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Олардың екеуіне қатысты сот шешімімен үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Кәмелет жасына толмағанға қатысты қылмыстық қудалау органы қоғамнан оқшауламау бұлтартпау шарасын қолданды", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ оқиғаның барлық куәгері анықталып, олардан қылмыстық іс аясында жауап алынған.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Барлық тараптың дәлелдері мұқият тексерілуде.

    Тергеу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.

    "Қоршап алып, өзін қорғауға мүмкіндік бермеген": Талғар ауданында 20 жастағы жігіт қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.