jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

    Ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Жамбыл облысында прокурорлар 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатың жымқыру фактісін анықтаған, деп хабарлайды өңір прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Меркі ауданының прокуратурасы аудандық әкімдіктің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына талдау жүргізген.

    Талдау нәтижесінде мемлекетке 108 млн теңге көлемінде залал келтірілгені анықталған.

    "Атап айтқанда, бөлім Мыңқазан ауылындағы тұрғын үй массиві үшін электр желілерін салу құрылысы бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға мердігер ұйымға қаражат аударған.

    Аталған факті бойынша 2026 жылғы 30 наурызда аудан прокуратурасы ҚР ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Іс одан әрі тергеу жүргізу үшін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолданды.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Хабарламада Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мән-жайлар жарияланбайтыны айтылған.

    Жамбыл облысында 100 млн теңгеден астам мемлекет қаражатын жымқыру фактісі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.