jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: тағы екі күдікті ұсталды

    жарылыс
    Жарылыс болған кафе. Видеодан кадр: instagram.com/shchuchinsk.city

    Щучинскте кафедегі бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша, биыл 20 сәуірде арнайы прокурорлар автомобиль газ құю станциясының директорын, сондай-ақ газ баллондарды жеткізушіні ұстады. Олар баллондарды толтыру және жеткізу бойынша қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.

    "Күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

    Күдіктілердің біріне қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, екіншісіне үй қамағы таңдалды", - делінген хабарламада.

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды. ​

    Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мән-жайды жария етпеді.

    Щучинсктегі кафеде болған жарылыс: тағы екі күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.