jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-дағы сарбаз өлімі: командирлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Сапта тұрған әскери қызметші
    Әскери қызметші. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ШҚО-да сарбаздың өліміне байланысты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің батальон және взвод командирлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтаған.

    Қылмыстық іс биыл 23 қаңтарда сарбаз Қ. Оспановтың қаза болуына байланысты қозғалған.

    "Тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталды.

    Сонымен қатар взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындаудан шет қалған.

    Тергеу әрекеттерін тиісті түрде ұйымдастыру нәтижесінде жеткілікті дәлелдемелер базасы жедел жинақталды, қысқа мерзімде қажетті сараптамалар жүргізілді, қылмыстарға қатысы бар барлық тұлға анықталды.

    Билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша бірнеше эпизодтан тұратын қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ бірқатар кадрлық шешім қабылданған: әскери бөлім командирі және оның екі орынбасары лауазымдарынан босатылған, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

    "Әскери қызметшілердің қаза болу фактілері бойынша істерді тергеп-тексерудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында Бас әскери прокуратура тарапынан тұрақты негізде тиісті шаралар іске асырылады.

    Атап айтқанда, тергеу әрекеттерін жүргізу, оның ішінде оқиға орнын қарау әдістемесі, оқиғаның жағдайын егжей-тегжейлі тіркеу және заттай дәлелдемелерді алу рәсімдері жетілдірілді.

    Істерді тергеудің жеделдігін арттыру мақсатында әскери қылмыстық қудалау органдарының басшыларымен және Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығымен қажетті сараптамалық зерттеулерді барынша қысқа мерзімде жүргізу туралы меморандумға қол қойылды.

    Осы бағыттағы жұмыс әскери прокуратура органдарымен жалғастырылады", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан көз жұмған еді.

    Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    ШҚО-дағы сарбаз өлімі: командирлерге қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.