jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Артынан келіп, аяусыз ұра бастаған": Алматыда ер адам аялдамада қарт әжейді қатыгездікпен соққыға жықты

    Алматыдағы аялдама
    Алматыдағы аялдама. Кадр видеодан: threads.com/@ilmira.g.a

    Желіде Алматы аялдамасында ер адам қарт әйелді соққыға жыққан видеосы жарияланды. Оқиғаны қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Аталған жайтқа қатысты полиция өкілдері пікір білдірді.

    Оқиғаның видеосын зардап шеккен әйелдің қызы Threads әлеуметтік желісінде жариялады.

    "Бүгін Бостандық ауданында, "Алматы" шипажайының маңында менің анама — 66 жастағы қарт әйелге белгісіз жас жігіт шабуыл жасады. Анам аялдамада автобус күтіп тұрған болатын.

    Ол анамның артынан келіп, айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, еш себепсіз қатыгездікпен, аяусыз соққыға жыға бастаған. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны қараудың өзі ауыр. Бірақ мұны көру керек. Мен бұны қаралым жинау үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл жағдай туралы мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймын", — деп жазды әйел.

    NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, әйелге шабуыл жасау дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

    "Қылмыс ізі суымай ашылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің тұлғасы анықталып, ол ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта болған оқиғаны жан-жақты әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдарының кешені жүргізіліп жатыр.

    Жазаның бұлтартпастығы принципі ішкі істер органдары жұмысының негізгі қағидасы екенін баса айтамыз. Кез келген заңсыз әрекеттер, әсіресе зорлық-зомбылықпен байланысты болса, қатаң түрде тоқтатылады, ал кінәлілер заң аясында толық көлемде жауапкершілікке тартылады», — деп хабарлады Полиция департаментінен.

    "Артынан келіп, аяусыз ұра бастаған": Алматыда ер адам аялдамада қарт әжейді қатыгездікпен соққыға жықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.