jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда оқушы мектепке балта алып келген

    балта
    Балта. Көрнекі фото: pexels.com

    Желіде алматылық оқушы мектепке балта алып келгені туралы жазба жарияланды. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Telegram желісіндегі Almaty Today арнасында сабаққа балтамен келді деген оқушы қыз туралы ақпарат шықты.

    "Алматыдағы мектепке бір қыз балта алып келді. Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз желіден алған нұсқау бойынша қылмыстық әрекетке баруды жоспарлаған. Полиция қызметкерлері дер кезінде іске араласып, бұған жол бермеді", - делінген жазбада.

    Алматы Полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне берген мәліметінше, Жетісу аудандық полиция басқармасы бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    "Әлеуметтік желі арқылы алынған нұсқау бойынша әрекет еткен кәмелетке толмаған қыз заңсыз әрекеттер жасауды жоспарлағаны анықталды. Полиция қызметкерлерінің уақытылы іске араласуының арқасында заңсыз әрекет тоқтатылып, оның алды алынды.

    Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жасөспірімді заңсыз әрекетке тартуы мүмкін тұлғалар анықталуда.

    Кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне қатысты ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ПД өкілдері.

    Ведомстодағылар ата-аналарға балаларының желідегі тәртібін бақылау маңыздылығын, сондай-ақ кез келген күмән туғызатын белгілерді елеу қажеттілігін ерекше атап өтті.

    Алматыда оқушы мектепке балта алып келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.