jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда пойызда 52 адамның улануы ісінде вагон иелері қатаң жазаға тартылмақ

    Вагон
    Вагон. Көрнекі фото: pixabay.com

    Алматыдағы пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты тергеу аяқталуға жақын. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев адам өміріне қауіп төндірген вагон иесінің жауаптан құтылмайтынын айтты, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

    "Қазір тергеу аяқталу сатысында. Вагон пайдаланудан алынды. Вагон иелері қатаң жазаға тартылады. Онда нақты заңбұзушылық бар, тек оны заң жүзінде дұрыс рәсімдеу қажет. Яғни улану фактісі анық, оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Сондықтан заң аясында өте қатаң жаза қолданылады", - дейді Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

    Былтыр желтоқсанда фильм түсіру кезінде актерлер мінген пойызда 52 адам газдан уланып, тіпті екі науқас жансақтау бөліміне түскен.

    Улы газға тұншыққандардың арасында балалар да болған. Түсірілім алаңын жылыту үшін олар газ қыздырғыш қолданыпты. Қазір оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.

    Дереккөз: "КТК" арнасы

    Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 52 адамның улану оқиғасының мән-жайы белгілі болғанын жазған едік. Бұл туралы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жігіттің досы KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында айтып берген болатын.

    Зардап шеккен азаматтың досы Руслан оқыс оқиға оңтүстіккореялық фильмнің түсірілімі кезінде жазық далада болғанын жеткізді. Түсірілімді ұйымдастырушылар актерлерді түнгі үште алып кеткен. Русланның айтуынша, ол кезде далада -20 градус аяз болған.

    Алматыда пойызда 52 адамның улануы ісінде вагон иелері қатаң жазаға тартылмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.