jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    СҚО-да әйел танысын балтамен ұрып өлтіргені үшін сотталды

    балта
    Балта. Көрнекі фото: pexels.com

    Солтүстік Қазақстан облысында танысын өлтіріп, оның денесін бірнеше күн бойы төсектің астына жасырып қойды деп айыпталған әйелге қатысты үкім шықты. Осы уақыт ішінде сотталған әйел жұмысқа барып, әдеттегі өмірін жалғастырып жүрген, деп хабарлайды Qazaqstan Media басылымына сілтеме жасаған BAQ.KZ.

    Басылымның жазуынша, оқиға биыл 27 ақпанда айыпталушының пәтерінде болған. Кешкі сағат алты шамасында ол үйден шығып, отын жармақ болған. Қолында балта болған. Сол кезде оның үйіне шақырусыз танысы келген. Әйелдің айтуынша, ол мас болған және кетуден бас тартып, түнемек болған. Сөзге келіспеушілік көп ұзамай қайғылы жағдайға ұласқан.

    "Есікті жабу үшін оны айналып өттім. Бір кезде ол арқасымен маған қарай құлай бастады. Сәл қорқытайын деп балтамен екі рет ұрдым. Бірақ соққыны балтаның жалпақ жағымен емес, өткір жүзімен тигізгенімді аңғармадым. Ол соққы желке тұсына тиді. Содан кейін Мехоношин етпетінен құлады", – деп сотта жауап берген айыпталушы.

    Оқиғадан кейін әйел жедел жәрдем де, полиция да шақырмаған. Қанды жуып, мәйітті бөлмеге сүйреп апарып, төсектің астына жасырған. Айтуынша, телефон теңгерімінде ақша болмағандықтан, ешкімге хабарлай алмаған.

    Бірнеше күн бойы ер адамды туыстары мен полиция іздеген. Ал әйел сол аралықта жұмысқа барып жүрген. Көршілерінің айтуынша, ол бір жерде ыдыс жуып жұмыс істеген. Сонымен қатар таныстарымен араласып, қалыпты өмір сүрген.

    1 наурыз күні іздестіру барысында полиция қызметкерлері оны жұмыс орнынан тауып, үйіне апарған. Пәтерге кірген бойда мәйіттің иісі сезілген. Алғашында иіс жертөледен шығып тұр деп ойлаған.

    "Жатын бөлмеге кірген кезде диванның астынан мәйіт табылды. Осыдан кейін әйел болған жайтты айтып берді", – деді сотта полиция қызметкері.

    Қорғау тарапы бұл әрекет абайсызда жасалғанын дәлелдеуге тырысқан. Алайда сот бұл нұсқаны қабылдамады. Себебі соққылар өмірлік маңызды аймақ – бас тұсына тиген. Демек, әрекет әдейі жасалған деп танылды.

    "Оны адам өлтіру қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Оның әрекетінде қауіпті рецидив бар деп танылсын", - деп үкім шығарды Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршарыпов.

    Сотталған әйел жазасын барынша қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сондай-ақ ол жерде алкоголизмнен емделуге тиіс.

    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, сотталған тарап оны апелляция тәртібімен шағымдана алады.

    СҚО-да әйел танысын балтамен ұрып өлтіргені үшін сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.