jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    СІМ Грузияда Қазақстан азаматы ұсталғанын растады

    қолы кісенделуі ер адам
    Қолы кісенделуі ер адам. Иллюстрациялық фото: vladans/Getty Images

    Сыртқы істер министрлігі Грузияда Қазақстан азаматы ұсталғанын растады. Ол тыйым салынған заттарды сатып алу және сақтау бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Грузияның Имеретия аймағында Қазақстан Республикасының азаматы А.Д. ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

    "Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Грузия құқық қорғау органдары біздің азаматымызға Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабының 1-бөлігінде (есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау) көзделген құқықбұзушылықты жасады деген айып тағып отыр.

    Қазақстан консулы іске қатысты барлық мән-жайды анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста. Іс министрліктің бақылауында", - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

    Осы орайда ведомство азаматтарды баратын елдердің заңдарын қатаң сақтауға шақырды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Грузияның Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталғанын мәлімдеген еді.

    Құзырлы орган таратқан ақпаратқа сәйкес, екі адам – 2008 жылы туған Қазақстан және Украина азаматтары ұсталған.

    Олар ірі және аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу бойынша күдікке ілінген.

    Сондай-ақ тергеу шаралары кезінде олар көрсеткен жерлерден аса ірі көлемдегі "метадон" заты, сонымен қатар есірткіні бөлшектеп орауға арналған материалдар тәркіленген.

    СІМ Грузияда Қазақстан азаматы ұсталғанын растады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.