Қостанай облысында қайғылы жайт: әйел адам жарақат алып, оның 15 жастағы ұлы қаза тапты
Жарияланған күні:
Қостанай облысы Жітіқара қаласында қайғылы жайт болды. Тұрмыстағы жанжал кезінде 37 жастағы әйел жарақат алып, оның 15 жастағы пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 сәуірде тұрмыстағы жанжал кезінде Жітіқара қаласының тұрғыны пышақ жарақатын алып, оның ұлы оқиға орнында қайтыс болған.
Кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері күдікті - әйелдің күйеуін ізін суытпай ұстады.
Қостанай облысы ПД дерегінше, күдікті қайтыс болған 15 жастағы жасөспірімнің әкесі емес. Ол - жарақат алған әйелдің бірінші некеден туған ұлы.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері атқарылып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2370636-qostanai-oblysynda-qaigyly-zhait-aiel-adam-zharaqat-alyp-onyng-15-zhastagy-uly-qaza-tapty/