Алматы облысында туған әкесін өлтіргені үшін ер адам 9 жылға сотталды
Жарияланған күні:
Алматы облысы Райымбек ауданында ер адам туған әкесін өлтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға сотталды. Бұл туралы Алматы облысы соттары хабарлады.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) айыпталған Райымбек ауданының тұрғыны Е.-ге қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотта айтылған деректерге сай, 2024 жылғы 10 қазанда Райымбек ауданының Қайнар ауылында сотталушы мен оның әкесі арасында жеке бас араздығы негізінде жанжал туындаған. Жанжал барысында алкогольдік масаң күйде болған сотталушы жәбірленушінің басы мен дене тұсына қолымен және аяғымен бірнеше рет соққы жасаған.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің өлімі кеуде қуысының жабық доғал жарақаты, бірнеше қабырғаның сынуы сынуы және өкпенің зақымдануы салдарынан туындаған травматикалық шок нәтижесінде болған. Сарапшылардың анықтауынша, дене жарақаттары кемінде 15 рет жасалған соққыдан болған және өмірге қауіпті ауыр дәрежедегі зиян ретінде бағаланған.
Бастапқыда сотталушы кінәсін мойындамаған, алайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде берген бастапқы айғақтары, сондай-ақ куәлардың көрсетулері, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен сараптама қорытындылары оның қылмысқа қатыстылығын дәлелдеді.
"Ол кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтелетін 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2370651-almaty-oblysynda-tugan-akesin-oltirgeni-ushin-er-adam-9-zhylga-sottaldy/