jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҚМА құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Мөлдір Суюншали
    Мөлдір Суюншали. Фото: instagram.com/moldirmensulu

    ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті бірнеше құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ол аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша күдікке ілінген, деп хабарлайды ҚМА-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚМА-ның мәліметінше, тергеу амалдарына сай, 2021-2024 жылдар аралығында Мөлдір Суюншали "Nura Elite" коттедж қалашығын салу желеуімен азаматтардан қаражат тартқан.

    "Жоба аясында 37 коттедж және 24 таунхаус салу көзделген. Алайда бүгінгі күні таунхаустар толық аяқталмаған (тек қаңқалары тұр), 2023 жылдың 4 тоқсанына дейін аяқтау жөніндегі міндеттемелер орындалмаған.

    Сатып алушылармен алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Нәтижесінде 56 адам жәбірленуші ретінде танылып, тартылған қаражаттың жалпы сомасы 3,9 млрд теңгені құраған.

    Оның ішінде 322 млн теңге Мөлдір Суюншалидің, жұбайының және анасының есепшоттарына аударылған, сондай-ақ 145 млн теңге қолма-қол ақшаға айналдырылған", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар бір жылжымайтын мүлікті бірнеше рет сату фактісі анықталған.

    "Мәселен, жәбірленуші толық төлеген коттедждің бірі күдікті тарапынан жеке міндеттемелері бойынша кепілге қойылып, кейін үшінші тұлғалардың атына рәсімделіп, бірнеше рет қайта сатылған.

    Мөлдір Суюншали сатып алушылармен іс жүзінде жер учаскелеріне құқық беруді көздейтін шарттар жасасқан, алайда оларды иеліктен шығаруға заңды құқығы болмаған", - делінген хабарламада.

    ҚМА-ның дерегінше, үлескерлер қаражатының бір бөлігі Астана қаласында "Асылхан" тұрғын үй кешенін салуға арналған жер телімін сатып алуға жұмсалған.

    "Сонымен қатар құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан, ол Перизат Қайраттың "Біз біргеміз" қайырымдылық қоры арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында мұқтаж әйелге пәтер берілетіні туралы мәлімдеген. Алайда іс жүзінде тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмаған", - делінген хабарламада.

    Соттың санкциясымен Мөлдір Суюншалиге қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

    ҚМА тергеу жалғасып жатқанын, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.

    ҚМА құрылыс компаниясының басшысы Мөлдір Суюншалиге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.