Алматыда лифтте қызға күш көрсетті деген күдікті ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда лифт ішінде ер адамның қызға күш қолданып, сес көрсеткен сәті бейнекамера объективіне түсіп қалған. Полиция күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Instagram-дағы kris_p_almata парақшасы Алматыдағы көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнекамера түсірген видеоны жарияланды. Кадрлардан белгілі болғандай және куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен лифт алдында мінез көрсетіп, лифтті шақыру түймесін сындырған. Содан кейін лифтке кіріп, жанында тұрған қызға шабуыл жасаған.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісі оқиғаға қатысты түсінік берді. ПД өкілдерінің хабарлауынша, Алатау аудандық полиция басқармасы қызметкерлері оқиғаға байланысты дереу шара қолданған.
"Қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытып, қызға дене жарақатын салғаны үшін 26 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес оған жан-жақты құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полиция департаменті өкілдері.
Сондай-ақ ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Алматы полициясы азаматтарды сақ болуға және заң бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға шақырады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2370971-almatyda-liftte-qyzga-kush-korsetti-degen-kudikti-ustaldy-video/