jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде домбыраны "харам" деген адам қамауға алынды

    домбыра
    Домбыра. Көрнекі фото: pexels.com

    Ақтөбеде көпшілік алдында домбыраны "харам" деп атағаны үшін ер адам алауыздық тудыру ісі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

    "Тергеу дерегі бойынша күдікті әлеуметтік желіде діни жеккөрушілік пен алауыздықты қоздыруға бағытталған мәлімдеме жариялаған. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды", - деді Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері.

    Күдікті қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында. Оған қатысты сотта алдын ала қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды.

    Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

    "Полиция әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

    Ақтөбеде домбыраны "харам" деген адам қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.