jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҚМА есірткі сату қылмысына қатысы бар криптоәмиянды бұғаттап, 3 млн долларды тәркіледі

    криптовалюта
    Криптоваюта. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі криптотергеу нәтижесінде есірткі сатумен айналысты деген арнаның жолын кесіп, жалпы сомасы 9,7 млн доллардан асатын цифрлық активтерді бұғаттады. Қазіргі кезде анықталған қаражаттың бір бөлігі – 3,2 млн доллар тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық кірістерді, оның ішінде есірткі бизнесі мен интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты жылыстатуға қарсы жүйелі жұмыс жалғасып жатыр.

    Бұған дейін ТМД кеңістігіндегі ірі көлеңкелі криптосервистердің бірі – цифрлық активтер арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан топтың жойылғаны туралы хабарланған.

    Аталған криптоалмастырғыш арқылы Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова аумағында әрекет еткен 200-ден астам есірткі интернет-дүкендерінің транзакциялары өткен. Платформаның жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

    "Ауқымды криптотергеу барысында Follow the Money тәсілі аясында есірткі құралдарының заңсыз айналымына және даркнет алаңдарының қызметіне қатысы бар 4 000-нан астам криптоәмиянға блокчейн-талдау жүргізілді.

    Криптотергеу нәтижесінде жалпы сомасы 9,7 млн доллардан асатын цифрлық активтер бұғатталды.

    Қазіргі кезеңде анықталған қаражаттың бір бөлігі – 3,2 млн доллар тәркіленді", - делінген хабарламада.

    ҚМА өкілдері қаражаттың қылмыстық жолмен алынғанын дәлелдеген. Қаражат агенттіктің арнайы шотына аударылды.

    "Нәтижесінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндірген арна жолы кесілді. Ірі көлемдегі есірткі жеткізілімдері тоқтатылып, тарату инфрақұрылымы жойылды, бірқатар есірткі интернет-дүкендерінің қызметі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

    ҚМА есірткі сату қылмысына қатысы бар криптоәмиянды бұғаттап, 3 млн долларды тәркіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.