jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қоқыстан тауып алған елтаңбаны тазалап, үйіне іліп қойған": Жетісуда блогерге айыппұл салынды

    Блогер
    Блогер. Фото: t.me/qumash_kz

    Желіде жетісулық блогерге қоқыстан тауып алған елтаңба үшін айыппұл салынғаны туралы жазба жарияланды. Облыстық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Суретте – Жансүгіров ауылында тұратын (Жетісу облысы) блогер Данияр Бейісқали. Төрт жыл бұрын ол қоқыс арасынан Қазақстанның елтаңбасын тауып алып, оны өзіне қалдыруды шешті. Мемлекеттік рәмізді ретке келтіріп, тазалап, үйіне іліп қойған. Бұл игі іс сияқты көрінеді, алайда бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес. Бірнеше жылдан кейін ақпарат жергілікті билікке жетіп, блогерге 216 000 теңге айыппұл салынды", - делінген Telegram желісіндегі Qumash арнасында.

    Жетісу облыстық Полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полицияға Ақсу ауданы әкімдігінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі – елтаңбаны дұрыс мақсатта пайдаланбауға қатысты шағым түскен.

    "Жүргізілген тексеріс барысында осы бұзушылыққа жол берген Ақсу ауданының тұрғыны анықталды. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды", - дейді ведомство өкілі.

    Полиция Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері заңмен ерекше қорғалатынын еске салды. Оларды пайдалануға тек заңда белгіленген тәртіпте рұқсат етіледі.

    "Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді және оларды заңға қайшы пайдалануға жол бермеуді сұраймыз", - деді Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдері.

    "Қоқыстан тауып алған елтаңбаны тазалап, үйіне іліп қойған": Жетісуда блогерге айыппұл салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.