jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қазасы: сот айыпталушыға үкім шығарды

    Ержан Бабақұмаров
    Ержан Бабақұмаров. Фото: primeminister.kz

    Астана соты Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Сотталушы кінәлі деп танылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Астана соттарының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот шығарған үкім туралы мәлімет берді.

    "Сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді", - дейді Астана соттарының баспасөз қызметі өкілдері.

    Сот отырысы жабық өткендіктен істің басқа мән-жайы жарияланған жоқ.

    Сот өкілдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

    Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2025 жылы 29-ынан 30 қазанға қараған түні болған. Полицияның мәліметі бойынша бұрыннан таныс тұлғалар арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Алған жарақатының салдарынан ер адам қайтыс болған.

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

    Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қазасы: сот айыпталушыға үкім шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.