Ақтөбе облысында бұрынғы ауыл әкімі өлі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов үйінде өлі табылды. Аталған факт бойынша тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе облысы әкімдігі өкілдері Қуанышбек Серікжановтың берген өтінішіне сәйкес кеше қызметінен кеткенін мәлім етті.
Облыстық полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Тергеп-тексеруде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Ведомстводағылар тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жария етпейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2373911-aqtobe-oblysynda-buryngy-auyl-akimi-oli-tabyldy/