jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қызылордада 16 жастағы студент жатақханада ауыр жарақаттан көз жұмды

    Жатақхана
    Жатақхана. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылордада 16 жастағы студент жатақханадан өлі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Telegram желісіндегі "Криминальный Казахстан" арнасының хабарлауынша, жасөспірімнің туыстары оны жоғары курс студенттері қатыгездікпен ұрып-соқты деп санайды. Жақындарының айтуынша, үшінші курста оқитын бірнеше студент кәмелетке толмаған балаға қол жұмсап, содан кейін болған жайтты жасыруға тырысқан.

    Марқұмның әпкесі жасөспірімнің қанталаған денесі дәлізбен сүйретілгенін және бөлмеге жасырылғанын айтады.

    Ал марқұмның әкесінің айтуынша, төменгі курс студенттерін жатақхананың спорт залына үнемі апарып, қорқытып-үркіткен.

    Көз жұмған студенттің туыстары төбелеске қатысқандарды ғана емес, оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерді де жауапкершілікке тартуды талап етті.

    Қызылорда облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

    "Барлық тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

    Қылмыстық істі тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

    Қызылордада 16 жастағы студент жатақханада ауыр жарақаттан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.