Алматы облысында полиция қызметкері тас жолда жұбайын қағып өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Желіде полиция қызметкері Алматы облысында жұбайын қағып өлтірді деген ақпарат тарады. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Telegram желісіндегі Kozachkov offside арнасында Алматы облысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат жарияланды. Жазбада "Балқаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары тас жолда әйелін қағып өлтірді" делінген.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне әйелін қағып кетті деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. ПД өкілдері оның полиция қызметкері екенін де растады.
Оқиға салдарынан әйел жарақат алып, оқиға болған жерде жан тапсырғаны белгілі болды.
"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - деп түсіндірді облыстық полиция департаменті.
Ведомство өкілдері тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2377663-almaty-oblysynda-politsiia-qyzmetkeri-tas-zholda-aielin-qagyp-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/