jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды

    сот залы
    Сот залынан фото: Медета Медресова/mgorod.kz

    Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Айыпталушы – сол отбасының бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой Город-қа" сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, сот ғимаратына республикалық БАҚ өкілдері, марқұмдардың туыстары және іске бей-жай қарай алмайтын адамдар жиналды.

    Алдын ала тыңдау алдында журналистер марқұмның туыстарымен сөйлесуге мүмкіндік алды.

    Сот отырысы басталмай тұрып, кісі қолынан қаза тапқан Мақсот Мұқанғалиевтің әпкесі Асыла Мұқанғалиева әділ сот процесін күтіп отырғанын мәлімдеді.

    "Мен ағамды соңғы рет былтыр қазанда отбасылық жиында көрдім. Мейрамгүл сол жерде болды (кейінірек ол да өлі табылды), бірақ отбасының кіші қызы Ақбаян (айыпталушының жұбайы) және Наурыз (кісі қолынан көз жұмған отбасының ұлы) онда болмады.

    Бәріміз бұл сот процесін ұзақ күттік, оның қалай болатынына алаңдадық. Сотталушы өз кінәсін толық мойындады, ал сот тек әділ шешім шығаруы керек. Ақбаянға келетін болсақ, біз оған тамақ тасып жүрміз, бірақ оны көре алмадық. Біз оның балаларына екі рет бардық. Сұлтанның туыстары бізге келген жоқ, кешірім сұраған жоқ", - деді әйел.

    Айтпақшы, Сұлтан мен Ақбаянның бес баласы бар. Оларды қазіргі уақытта мемлекет қамқорлығына алды.

    Атырауда бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.