jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Блогер Сәуле Базарханның өлімі: жекеменшік клиника өкілдері қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

    Сәуле Базархан
    Сәуле Базархан. Фото: instagram.com/saule_bazarkhan

    Блогер Сәуле Базарханның туыстары оның жекеменшік клиникадағы отадан оянбай қалғанын айтқан соң медициналық мекеме өкілдері алғаш рет желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Клиника Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады. Онда клиника қызметкерлері пациент Сәуле Ермаханованың (Базархан) отбасына, туыстары мен достарына көңіл айтты.

    "Біз үшін бұл қиын жағдай, біз оны күйзеліспен қабылдадық. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты заңда талап етілетін рәсімдер жүргізілуде.

    Дәрігер құпиясын сақтау, пациенттің отбасына құрметпен қарау және жүргізіліп жатқан процедуралардың объективтілігі мүддесіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық мәліметтері туралы жария түрде пікір білдіруді мүмкін деп санамайды", - делінген хабарламада.

    Сонымен қатар клиника қосымша ақпарат "қажет болған жағдайда" мекеменің ресми ресурстарында жарияланатынын атап өтті.

    Айта кетейік, желіде қазақстандық блогер Сәуле Базарханның қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Мұны блогердің қызы желіде жазды. Оның айтуына қарағанда, Сәуле Ермаханова 15 мамырда Алматыдағы жекеменшік клиникада жергілікті анестезиямен жоспарланған липосакция операциясынан кейін қайтыс болды. Алматы полиция департаменті бұған қатысты түсініктеме берді.

    Блогер Сәуле Базарханның өлімі: жекеменшік клиника өкілдері қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.