jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ҰҚК Монстрейге іздеу салды: ол Қазақстанда мұнай бизнесін жүргізген және Әблязовке қатысы бар болуы мүмкін

    Фрэнк Джозеф Монстрей
    Фрэнк Джозеф Монстрей. Фото: qamqor.gov.kz

    Қазақстан ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бірнеше күн бұрын бельгиялық Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Ол Қазақстанда мұнай бизнесін жүргізген.

    Құқықтық статистика органдарының порталында Фрэнк Джозеф Монстрейдің іздеу картасы пайда болды. Істің 20 мамырда Астанада тіркелгені, ал оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болғаны атап өтіледі. Бұл ретте іздеуді ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізуде.

    Өмірбаяны

    Айта кетейік, Монстрейдің өз сайты бар, онда ол өзінің өмірбаянын ұсынған. Сайтта Фрэнк Монстрейдің "Бельгиядан шыққан табысты инвестор" екені көрсетілген. Оның компаниялар құрып, іске қосу тәжірибесі бар.

    Монстрей Бельгияда білім алып, содан кейін Түркия, Қытай, Ресей, Түрікменстан, Беларусь, Қазақстан және Түркияда жұмыс істеген.

    Ресей мен Қазақстандағы қызметінің арқасында Фрэнк Монстрей танымалдылыққа ие болып, мұнай бизнесінде байланыс желісін құрды.

    "2004 жылдың көктемінде мен шағын мұнай-газ компаниясына тап болдым, оның иесі бұдан былай оны тиісті деңгейде қаржыландыра алмады. Сол кезде мен компанияны сатып алуды ұсындым. Бұл жоба менің басқа да көптеген жобам сияқты басталды, бірақ соңында мен қолға алған ең маңызды жоба болып шықты", — делінген өмірбаянда.

    Қазақстанда ол өзінің мұнай-газ бизнесі бойынша Nostrum Oil жобасын жүргізді.

    "Компания 1000 қызметкерге жеткен бойда, біз оны Лондон қор биржасына шығардық. Бізге қосымша капитал қажет болды және Лондон оны алу үшін ең қолайлы орын еді. Бүгінде күн сайын шамамен 43 мың баррель мұнай өндіріледі", — деп түсіндірді ол.

    2017 жылы Фрэнк Монстрей Nostrum Oil & Gas компаниясындағы өз акцияларын сатып жіберді. Сондай-ақ Фрэнк Монстрей — жылжымайтын мүлікпен айналысатын Urbion отбасылық компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.

    Әблязов және "БТА Банк"

    Көптеген БАҚ 2017–2018 жылдары сот туралы материалдар жазып, оларда Монстрейдің өзі де, Мұхтар Әблязов та аталған болатын. Мәселен, 2018 жылы Қазақстан қор биржасы Nostrum Oil & Gas компаниясының "БТА Банкімен" жауапкершіліктен босату туралы келісімге отырғанын хабарлады.

    "Компания мен "БТА Банкі" Claremont Holdings Limited пен Claremont Holdings C.V., Фрэнк Монстрей мен Мұхтар Әблязов немесе ол бақылайтын заңды тұлғалар арасындағы кез келген болжамды байланыстарға байланысты немесе соның салдарынан тараптардың кез келгенінде болған немесе болашақта туындауы мүмкін барлық және кез келген талап-арыздан, сондай-ақ "БТА Банкі" Мұхтар Әблязовқа және басқа да бірқатар айыпталушыға қарсы қозғаған кез келген сот талқылауларынан жауапкершіліктен босату туралы өзара келісімге келді", — делінген KASE хабарламасында.

    ТАСС басылымының жазуынша, БТА Банкінің еншілес ұйымдарының бірі Claremont компаниясы мен оның еншілес құрылымдарынан Nostrum компаниясының капитал үлесінің 3,76 пайызын сатып алған. Claremont компаниясын Фрэнк Монстрей толық бақылауда ұстаған. Осы мәміленің нәтижесінде Claremont компаниясының Nostrum капиталындағы үлесі 9,44 пайызға дейін қысқарды.

    ҰҚК Монстрейге іздеу салды: ол Қазақстанда мұнай бизнесін жүргізген және Әблязовке қатысы бар болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.