Балқаштағы кафелердің бірінде атыс болып, даяшы жарақат алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қарағанды облысының Балқаш қаласында ер адамдар кафеде төбелес шығарып, оқ жаудырды, салдарынан даяшы жарақат алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне хабарлағанындай, 21 мамырда түнгі он екі шамасында Балқаш қаласындағы кафеде таныстар арасында жанжал туындап, төбелес соңы травматикалық қарудан оқ жаудыруға ұласқан.
"Оқиға салдарынан мекеменің даяшысы оқ жарақатын алды. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаға қатысы бар барлық азаматты анықтады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта күдіктілердің қайда екенін анықтау және ұстау бойынша бірқатар жедел-тергеу іс-шараласы жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайтыны атап өтілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2380151-balqashtagy-kafelerding-birinde-atys-bolyp-daiashy-zharaqat-aldy/