Талдықорғанда әйелдер балалардың көзінше ойын алаңы үшін жанжал шығарды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Талдықорғанда әйелдер ауладағы балалар ойын алаңы үшін жаға жыртысты. Олар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Instagram желісіндегі Тaldykorganec.insta_ парақшасында әйелдер арасында ойын алаңы үшін жанжал туғаны туралы ақпарат жарияланды.
"Жалаири көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында балалар ойын алаңына қатысты жанжал туды. Бізге хабарласқан тұрғындардың айтуынша, Жалаири көшесіндегі 24-үйдің ауласында ойын алаңы жоқ, сондықтан балалар көршілес 26-үйдің ауласында ойнауға барады", - делінген жазбада.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты түсініктеме берді.
"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізді. Тұрғын үйдің ауласында жеке тұлғалар арасында тұрмыстық сипатта дау туындағаны анықталды. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Талдықорған қалалық сотына жіберілді", - дед ПД өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2381868-taldyqorganda-aielder-balalardyng-kozinshe-oiyn-alangy-ushin-zhanzhal-shygardy-video/