jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады

    Оқиға орны
    Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Әлеуметтік желіде Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады. Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Атыраудағы пәтерлердің бірінде қыз бала құрдасын аяусыз ұрып-соққан, куәгерлер болған жайтты телефондарына түсірген. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжалдың қатысушылары қаладағы кешкі мектеп пен колледжде оқиды", - делінген желіде жарияланған видео сипаттамасында.

    Бұған қатысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірген Атырау облыстық ПД өкілдерінің хабарлауынша, оқиға биыл сәуір айында болған.

    "13 сәуір күні Атырау қаласында құқық бұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция басқармасына жеткізілді. Төрт күдікті кінәлі деп танылып, жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылыққа жол берген барлық күдікті полицияның профилактикалық есебіне қойылды.

    Күдіктілердің арасындағы 16 жастағы жасөспірімге қатысты жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға жолданды", - деп мәлімдеді ведомство.

    Полиция кез келген құқық бұзушылық әрекеті үшін заң аясында жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

    Атырауда пәтерде аяусыз соққыға жығылған қыздың видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.