jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қостанайда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

    Гүлсім Оразбаева
    Гүлсім Оразбаева. Фото: Қостанай облыстық білім басқармасы

    Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталғаннан кейін қамауға алынды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Сотқа дейінгі тергеу аясында 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай тергеу соты күдікті Оразбаеваға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп мәлімдеді Қостанай облыстық прокуратурасы.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқаны белгілі болған еді.

    Kazinform агенттігінің мәліметінше, 1 маусым күні тергеу аясында бірқатар тергеу іс-шарасы атқарылған. Лауазымды тұлғалардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізілген.

    Дәл осы күні ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасады деген күдікпен Қостанай қаласы білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева ұсталған.

    Қостанайда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.