jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шиеліде каналдан қыз баланың денесі табылды: полиция мәлімдеме жасады

    Су жинайтын канал
    Су жинайтын канал. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысы Шиелі ауданында каналдан қыз баланың денесі табылды. Облыстық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды kazinform.kz.

    Полицияға 3 маусым күні кешкі уақытта Шиелі ауданының ауыл тұрғыны каналдағы шлюз суынан қыз баланың мәйіті табылғанын хабарлаған.

    "Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барды. Қыз баланың жеке басы анықталды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

    Алдын ала анықталғандай, туыстарының айтуынша, қызы 2 маусым күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

    Қазіргі уақытта қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.

    Тергеу мүддесіне байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмеді. Тәртіп сақшылары мессенджер арқылы жаппай тараған кісі өлтіру жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

    "Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамада жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауында", — делінген ресми хабарламада.

    Шиеліде каналдан қыз баланың денесі табылды: полиция мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.