jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ҰҚК Атырау әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді

    Мейіржан Мұқасов
    Мейіржан Мұқасов. Фото: instagram.com/atyrau_qalasy_akimdigi/

    Маусымның басында "Ақ Жайық" басылымы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның бейресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

    "Іс материалдарында 40 млн теңге және тағы бір күдікті туралы жазылғаны белгілі болды, - делінген басылымда.

    Сондай-ақ онда Мейіржан Мұқасов ұсталғаннан кейін процессуалдық келісімге келуді көздегені, бірақ кейінірек бас тартқаны көрсетілген.

    NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

    "Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.

    ҰҚК Атырау әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.