jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қылғындырмақ болған": қазақстандық әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарады

    Әйелге шабуыл жасалған сәт
    Әйелге шабуыл жасалған сәт. Видеодан: instagram.com/egovpress

    Әлеуметтік желіде әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиға Алматы облысындағы Шамалған ауылында болғаны айтылады. Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы облысындағы Шамалған ауылында белгісіз ер адам кенеттен бір әйелдің мойнына жіп салып, оны қылғындырмақ болған, абырой болғанда ол сытылып шығып, қашып құтылған", - делінген Instagram-дағы EGOV.PRESS парақшасында жарияланған видео сипаттамасында.

    Алматы облысының полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, полиция қызметкерлері шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

    "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ заңға қайшы әрекеттерді жасаған адамды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процедуралық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті.

    ПД өкілдері тергеу жалғасып жатқанын айтты.

    "Қылғындырмақ болған": қазақстандық әйелге жасалған шабуылдың видеосы тарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.