jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бірі - әкімдік қызметкері": Алматы облысында 16 жастағы қызды қорлаған екі әйел 4 жарым жылға сотталды

    Сот атрибуттары
    Сот. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Еңбекшіқазақ ауданында бойжеткенді қорлаған қос келіншек 4 жарым жылға сотталды Алматы облысында 16 жастағы қыздың денесін күйдіріп, қорлаған екі әйел жазасын өтеп жатыр. Жасөспірімді аяусыз азаптағандар 4 жарым жылға сотталған, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

    Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында шамамен бір жыл бұрын болған. Жасы отызға тақаған екі әйел 16 жастағы қызды алдымен үйінен алдап әкетіп, өзен жағасына апарады. Сол жерде оны ұрып-соғып, суға бірнеше рет тұншықтырып азаптаған. Әрекеттерін видеоға түсіріп алыпты.

    Жәбірленушінің анасының айтуынша, қылмыскерлер бұл әрекетке қызғаныштан барған.

    Айта кетейік, сотталғандардың бірі әкімдік қызметкері екен. Екеуі ҚР ҚК "қинау" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

    "Қабылданған шешімнің заңдылығы мен негізділігі қадағалаушы прокуратурамен тексерілді. Қылмыстық істі сотта қарау нәтижесінде 2026 жылдың 5 ақпанында олар ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға сотталды", - делінген ҚР Ішкі істер министрлігі хабарламасында.

    Дереккөз: КТК телеарнасы

    "Бірі - әкімдік қызметкері": Алматы облысында 16 жастағы қызды қорлаған екі әйел 4 жарым жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.