Қонаевта Бердібек Соқпақбаевтың ескерткіші маңында әдепсіз фотосессия жасаған жасөспірім жазаланды
Жарияланған күні:
Қонаевта Бердібек Соқпақбаев пен оның "Менің атым Қожа" повесі кейіпкерлерінің құрметіне қойылған ескерткіш маңында жасөспірім әдепсіз фотосессия жасаған. Оған қатысты облыстық сотта қаралды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мамыр айының соңында Sergek_almaty_ паблигінде қазақтың белгілі жазушысы, "Менің атым Қожа" повесінің авторы Бердібек Соқпақбаевтың Қонаевтағы ескерткіші маңында бейәдеп суретке түскен жасөспірімдердің әрекеті туралы жазба жарияланған. Жазбада жасөспірімдер жазушы мен оның кейіпкерлерін қорлағаны жазылған.
"Суретте - біздің Орталық парктің көркіне айналған, Бердібек Соқпақбаев пен оның әйгілі "Менің атым Қожа" повесінің құрметіне жаңадан тұрғызылған ескерткіш. Өкінішке қарай, кей жасөспірім үшін жаңа арт-нысандар мен ескерткіштер мақтаныштың емес, хайп үшін суретке түсетін орынға айналған. Аяғымен ескерткішке шығып, оны ұрып жатқандай етіп суретке түсу - жай ғана әзіл емес", - делінген хабарламада.
Алматы облысының Қонаев қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде (Ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылық бойынша кәмелетке толмаған азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі жасөспірімге қатысты қандай жаза тағайындалғанын хабарлады.
"Сот қаулысымен кәмелетке толмаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда сот шешім қабылдау барысында құқық бұзушының ата-ана қамқорлығынсыз қалғанын, оқу орнынан берілген оң мінездемені, сондай-ақ құқық бұзушылыққа бірінші рет тартылуын және өкінуін жеңілдетуші мән-жайлар ретінде ескерді", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2386872-qonaevta-berdibek-soqpaqbaevtyng-eskertkishi-mangynda-adepsiz-fotosessiia-zhasagan-zhasospirim-zhazalandy/