jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында болған жастар арасындағы жанжал тергеліп жатыр (видео)

    жанжал
    Жанжал. Видеодан кадр: instagram.com/kzsamat001

    Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында жастар арасында жанжал болған. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астанадағы жаппай төбелес түсірілген видео Instagram-да kzsamat001 парақшасында жарияланды.

    Видеода бірнеше адам бір адамды жерге құлатып, тепкілеп жатқаны көрсетілген. Сәл әрірек жерде екінші топ жанжалға қатысқан басқа адамға жабыла бастағаны байқалады.

    "Қазақстанда шұғыл түрде Кәсіпкерлік кодексін өзгерту керек! Өйткені тұрғындардың барлық сұрауына дәл осы Кодекс пен жекеменшік мүлікке қол сұғылмаушылыққа сілтеп жауап беріледі.

    Пайда бірінші орында екені түсінікті. Бірақ ар-намыс бірінші орында тұруы керек. Тұрғын үйлердегі дүкендер мен мекемелердің 22:00-ден кейін жұмыс істеуіне тыйым салатын уақыт келді. Бөлек ғимараттарда жұмыс істей берсін", - деп жазды автор.

    Астана полиция департаменті жазбаға қатысты түсінік берді.

    "Сарыарқа аудандық полиция бөлімі бұл оқиғаға қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрін анықтау бойынша жедел тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша заңнамалық талаптарға сәйкес нақты процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.

    Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында болған жастар арасындағы жанжал тергеліп жатыр (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.