Атышулы "Kizdar.net" сайтының ұйымдастырушылары ұсталды
Жарияланған күні:
Алматы қаласы прокуратурасы "Kizdar.net" интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қалалық прокуратура мәліметінше, 2011 жылдан бастап сайт жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.
Интернет-ресурсты ұйымдастырды деген күдіктілер ұсталып, әрекеті ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігімен сараланып, сот санкцияларымен қамауға алынған.
"Тінту барысында ірі сомада ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын-ала 2 млрд теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс анықталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда", - делінген хабарламада.
Ведомство аталған істі ерекше бақылауына алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2388735-atyshuly-kizdar-net-saitynyng-uiymdastyrushylary-ustaldy/