jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Бүтін бір отбасының жоғалып кетуін "тергеген" "атыраулық хакер" Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

    Ұсталған күдікті
    Күдіктіні экстрадициялау сәті. Кадр: Polisia.kz

    Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалып кетуін "тергеген" "хакер" ретінде ел арасында танылған ер адам Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    ІІІМ ақпаратына сәйкес, 19 маусымда Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.

    Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

    Тергеу мәліметі бойынша, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген деп күдіктеліп отыр.

    Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап бере отырып, экстрадицияланған ер адам өзін көпшілікке Атырау облысында отбасының жоғалып кетуіне қатысты істі тергеп жүрген "хакер" ретінде таныстырған азамат екенін растады.

    Еске сала кетейік, күдікті Атырау облысында төрт адамнан тұратын отбасының жоғалып кетуіне қатысты қоғамдық резонанс тудырған оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде кеңінен танымал болған еді. Сол кезде оның өзін "атыраулық хакер" деп атап, бұл істі өзі жеке тергеп жатқанын мәлімдеген видеосы пайда болған. Өз жазбаларында ол болжамды геолокацияларды, телефон қоңырауларын және басқа да деректерді бөлісіп отырған.

    Өңірлік ПД ақпараты бойынша, ер адам алаяқтықтың бірнеше эпизоды бойынша күдікті деп танылған. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оған іздеу жарияланған болатын.

    Наурызда оның Түркияда ұсталғаны белгілі болды.

    Бүтін бір отбасының жоғалып кетуін "тергеген" "атыраулық хакер" Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.