jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    СҚО-да зейнеткерді туған баласы соққыға жығып, видеоны желіге жүктеген

    Таяқ ұстаған қария
    Көрнекі фото: Рixabay.com

    Солтүстік Қазақстан облысында 67 жастағы әкесін ұрғаны үшін 22 жастағы жігіт 5 тәулікке қамалды. Ол өз әрекетін видеоға түсіріп, желіге жариялаған, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылының 67 жастағы тұрғынын туған баласы соққыға жыққан. Күдікті әкесін балағаттап, артынша қол көтеріп жатқан әрекетін өзінің ұялы телефонына түсірген. Сосын бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған.

    Бұл видео қоғамның наразылығын тудырды. Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп, көп ұзамай жігіт ұсталды. Оның бұл әрекетке ішімдік ішкеннен кейін барғаны болды. Сот шешімімен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал зейнеткер ұлына қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартқан. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жауапкершілік бар екенін ескертеді.

    "Тексеріс жұмысы барысында сол ауданның 22 жастағы тұрғынымен оның 67 жастағы әкесі болғаны анықталды. 22 жастағы жігіт бұған дейін де тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда оған қатысты әкімшілік материал жиналып, яғни тұрмыстық-қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша оған тәртіптік жаза қолданды. Бес тәулікке қамаққа алынды", - деп пікір білдірді облыстық ПД бастығы Сән Жұмағазина.

    СҚО-да зейнеткерді туған баласы соққыға жығып, видеоны желіге жүктеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.