jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Кегенде полицейдің жанып кеткен денесі табылды: оның жұбайы мен ұлы қамауға алынды

    Полицей
    Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

    Желіде Алматы облысы Кеген ауданында 37 жастағы алматылық полицейдің денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Мәліметтерге сай, оның денесін өрт шалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Kozachkov offside Telegram-арнасының жазуынша, марқұм Алматы Әуезов ауданындағы полиция басқармасында жұмыс істеген.

    Құқық қорғау органдары оның өліміне қатысы бар болуы мүмкін деген күдікпен бұған дейін Алматыдағы Бостандық ауданының полиция басқармасында қызмет атқарған жұбайын тексеріп жатыр.

    "Ерлі-зайыптының 14 жастағы ұлы мен оның кәмелетке толмаған досына да сұрақтар бар", - делінген жазбада.

    Жазбада ерлі-зайыпты 15 жыл бірге тұрғаны, жеті баланы тәрбиелеп отырғаны да жазылған.

    Алматы облысы ПД Instagram-дағы ресми парақшасында бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

    "Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    23 маусымда полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды.

    Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

    Кегенде полицейдің жанып кеткен денесі табылды: оның жұбайы мен ұлы қамауға алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.