jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Екі ағайынды күдікке ілінген: алматылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан топтың жолын кесті

    Күдіктілер
    Күдіктілер. Фото: Алматы ПД

    Алматыда төменгі қабаттағы пәтерлерге кіріп, ұрлық жасады деген күдікпен екі ағайынды азамат ұсталды, деп хабарлайды Алматы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Полиция департаментінің мәліметінше, Алматы маңында арнайы операция жүргізілген.

    "Мегаполис полицейлері пәтер ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың ізіне түсіп, олардың жолын кесті. Күдіктілер – басқа өңірден келген ағайынды екі азамат. Олар батыл әрі алдын ала ойластырылған тәсілмен әрекет еткен. Қаланың таулы аудандарындағы бірінші және екінші қабаттағы пәтерлерді нысанаға алып отырған", - делінген хабарламада.

    Қылмыстық схема бірізді болған: терезе торын бұзып кіру, үй ішін жедел тінту және бағалы әрі ықшам заттарды қолды ету, санаулы минуттың ішінде ізін суыту.

    "Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта олардың кемінде бес пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды ", - деп мәлімдеді қалалық ПД.

    Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Екі ағайынды күдікке ілінген: алматылық полицейлер пәтер ұрлығымен айналысқан топтың жолын кесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram