jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда блогер видеодағы бейәдеп сөзі үшін 15 тәулікке қамалды

    блогер жазаланды
    Блогер жазаланды. Видеодан кадр: Алматы ПД баспасөз қызметі

    Алматыда полиция желіде бейәдеп сөйлеген сәтінен видео жариялаған блогерді ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.

    Алматы полиция департаментінің мәліметінше, желіде ер адамның бейәдеп сөздерді жария айтып жатқаны көрсетілген видео полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

    Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, бұл қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу және басқаларды құрметтемеу деп танылады.

    "Құқық бұзушы жедел анықталды, ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты. Оған ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Полиция азаматтарға ескерту жасады.

    "Желіде танымалдылыққа ұмтылу заңсыз іс-әрекетті ақтамайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекет заңды түрде тексеріледі, ал лайктар мен пікірлер жинау ниеті үлкен жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - деді полиция департаменті өкілдері.

    Алматыда блогер видеодағы бейәдеп сөзі үшін 15 тәулікке қамалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.