jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жасөспірімдер ер адамды жабыла ұрды": Алматы маңында болған оқиға видеоға түсіп қалды

    Қаскелеңдегі оқиға
    Қаскелеңдегі оқиға. Видеодан кадр: instagram.com/egovpress

    Желіде бірнеше жасөспірімнің ер адамды жабыла ұрып-соғып жатқан сәтінен видео тарады. Жазба авторларының сөзінше, кадрлар Қаскелеңде түсірілген. Алматы облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Қаскелеңдік бір топ жасөспірім бірнеше мас адамды жабыла ұрып-соқты. Тұрғындар полиция шақырды", - делінген жарияланған бейнежазба түсініктемесінде.

    Видеодан жасөспірімдердің жерде жатқан ер адамды жұдырықтап жатқанын байқауға болады. Содан кейін олардың бірі үйдің жанында отырған қызыл футболкалы адамға жақындап, оған жерден көтеріп алған затты лақтырады. Кейін сол ер адамның арқасынан тебеді.

    Алматы облыстық полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, полиция оқиғаға қатысы бар тұлғаларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

    "Кәмелетке толмағандардың мас күйдегі ер адамға күш қолданғаны анықталды.

    Тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаға тәрбие берудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Жиналған материалдар қазір тиісті шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді.

    Сонымен қатар заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, оның барысында қолданыстағы заңнаманың нормалары және болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеу түсіндірілді.

    Жәбірленуші шағымданудан бас тартты.

    Полиция ата-аналар мен заңды қамқоршылар балаларының тәрбиесі, мінез-құлқы және қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілік алатынын еске салды.

    Ескерту! Бейнежазбада зорлық-зомбылық көріністері бар!

    "Жасөспірімдер ер адамды жабыла ұрды": Алматы маңында болған оқиға видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.