jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тасмағамбетовтің тұсында Алматы әкімі аппаратының басшысы болған экс-шенеунікке іздеу жарияланды

    Амантай Дандығұлов
    Амантай Дандығұлов. Фото: qamqor.gov.kz

    Алматы әкімдігінің бұрынғы аппарат басшысы Амантай Дандығұловқа алаяқтық күдігі бойынша іздеу жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Telegram желісіндегі Kozachkov offside арнасында 70 жастағы экс-шенеунік әрі журналист Амантай Дандығұловқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат жарияланды. Ол Иманғали Тасмағамбетов қала әкімі болған кезде Алматы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

    Құқықтық статистика және арнайы есеп порталындағы "Іздеудегі қылмыскерлер" бөлімінде расында да оның іздеуде екені туралы ақпарат жарияланған.

    NUR.KZ тілшісі түсініктеме алу үшін Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты.

    "Алматы полиция департаменті алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаймыз. 7 шілдеде осы қылмысқа барды деген күдіктіге іздеу жарияланды", - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігі өкілдері.

    Тергеу және жедел-іздестіру шараларының мүддесіне байланысты бұдан өзге ақпарат жария етілмейтіні атап өтілді.

    Тасмағамбетовтің тұсында Алматы әкімі аппаратының басшысы болған экс-шенеунікке іздеу жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.