Алматыда түнде көшеде пышақ ұстап жүрген адам ұсталды (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда екі пышақ ұстаған ер адам ұсталды, полицияға куәгерлер қоңырау шалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түн ортасында Алматы тұрғындарынан 102 арнасына Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында пышақ ұстаған ер адам туралы хабар келіп түсті.
Патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеткен. Хабарлама расталды: қарулы ер адам тез арада ұсталды.
"Полиция мәліметінше, заң бұзушы мас күйде болған, бұрын сотталған, жұмыссыз ер адам екенін анықталды. Ол өзінің әрекетін түсіндіре алмады", - делінген хабарламада.
Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, ұсталған адамның әрекетіне заңдық тұрғыдан баға беріледі.
Полиция куәгерлерге қырағылығы үшін алғыс айтып, 102 арнасына уақытылы қоңырау шалу қылмыстың алдын алуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін еске салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2397358-almatyda-tunde-koshede-pyshaq-ustap-zhurgen-adam-ustaldy-video/