jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды" деген ақпаратқа қатысты полиция түсінік берді

    Данияр Елеусінов
    Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

    Желіде Астанада болған екі жол-көлік оқиғасынан кейін Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды деген ақпарат тарады. Астана қаласының полиция департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің елордада ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының хабарлауынша, кеше "Хан Шатыр" сауда орталығының маңында үш көлік жол-көлік оқиғасына тап болған.

    Дереккөздің мәліметінше, екі оқиға бойынша күдікті ол жерден кетіп қалған. Кейінірек полиция көлікті қуып жетіп, жүргізушіні ұстаған.

    Telegram желісіндегі арнаның хабарлауынша, 001EDM01 мемлекеттік нөмірлі Toyota Land Cruiser көлігінің тізгінінде 35 жастағы Данияр Елеусінов болған деп болжануда. Патрульдік полиция қызметкерлері оның мас күйде болғанына күдіктеніп, медициналық тексеруден өтуге жіберген.

    Астана полициясы NUR.KZ тілшісінің сауалына жауап беріп, Toyota Land Cruiser жүргізушісінің бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалғанын растады, бірақ жүргізушінің аты-жөнін нақтылаған жоқ.

    Айта кетейік, көлік жедел іздестіру кезінде анықталып, Достық көшесінде ұсталды. Полиция 35 жастағы жүргізушіден алкогольге мас күйде болу белгілері байқалғанын хабарлады. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ бірнеше көлік зақымданған.

    "Бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекеттеріне заңды баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - деп хабарлады полиция.

    Сонымен қатар ведомство "Заң және тәртіп" қағидаты барлығына қатысты екенін атап өтті.

    "Жауапкершілік атаққа, мамандыққа, лауазымға немесе сіңірген еңбегіне қарамайды. Заңды бұзып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан кез келген адам заңға сәйкес жауап береді" - делінген хабарламада.

    "Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды" деген ақпаратқа қатысты полиция түсінік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.